Түркияға елімізден апарылған ит адамдарды тауып берді

Түркияда қазақстандық құтқарушылармен барған қызметтік ит үйінділердің астында қалған адамдарды тауып берді.

Ол іздеу-құтқару шаралары кезінде көпшілікке қирандының арасында адам барын білдіріп белгі берген. Иттің әрекетін байқағандар қираған нысанда жүріп жатқан қызу жұмысты бір сәтке тоқтатып, зардап шеккендерді шығарып алды. Қазір Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларды тағы бір нысанға жұмылдыру туралы шешім қабылдады.