Су тасқынын болдырмау үшін гидротехникалық құрылғыны жөндеу қажет

Елде 471 гидротехникалық құрылғының тозығы жеткен.

Бұл туралы бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин мәлімдеді. Оның 327-сі коммуналдық меншікте. Су тасқынын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар құрылғыны тез арада жөндеуден өткізуі тиіс. Министрлік әкімдіктерге тиісті ұсыныстарын жіберді. Алдын ала болжам бойынша биыл еліміздің 13 өңірінде су тасу қаупі жоғары. Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан  және оңтүстік облыстарда тасқынның алдын алуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

Ғалидолла Азидуллин, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыстар бар. Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша 1322 гидротехникалық құрылыс зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды. Оның 327-сі коммуналдық меншікте. Министрлік гидротехникалық құрылыс тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберілді.