Атырау қалың қардан тазартылып жатыр

Атырау қаласының көшелері қалың қардан тазартылып жатыр.

Оған 76 техника мен 246 қызметкер жұмылдырылған. 2000 текше метрден астам қар шығарылды. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы 5 бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтады. Көше қардан аршылғаннан кейін автобустардың қозғалысы қайта қалпына келеді. Қазір республикалық маңызы бар жолдарда да жолаушы тасымалы біртіндеп іске асырылуда.

Самат Айтқалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- «Ақтөбе-Мақат» реконструкциялық учаскесінде 16 техника мен 27 жұмысшымен қызмет атқарылып жатыр. «Атырау-Мақат» бағыты ашық. Одан да басқа республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-үстаумен айналысатын Қазавтожол мекемесімен 18 арнайы техника 80 жол жұмысшысымен жұмыстар жүргізіліп жатыр.