Өскеменде су жаңа автобустар жолға шығады

Өскеменде жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеменің автопаркі жаңартылып жатыр.

Су жаңа 20 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кейін тағы 10 қоғамдық көлік әкелінеді деп жоспарланып отыр. Қаладағы көліктердің дені ескірген. 15 жылдан бері жолаушы тасымалдап жүргені бар. Өзекті мәселе кезең-кезеңмен шешімін табуда. Былтыр жергілікті автопарктерге 2 жарым млрд теңге мемлекетттік субсидия бөлінді. Жаңадан алынған автобустар заман талабына сай жабдықталған. Тағы бір мәселе, көлік жүргізушілері тапшы. Автопаркке 100- ден аса маман жетіспейді.  Айта кетейк, көліктер жаңарғаннан кейін жұмысқа қайта оралып жатқан жүргізушілер бар екен.

Шыңғыс Әбенов автобус паркінің бас инженері:

- Өйткені автобустар жаңа, коробка автомат жұмыс істеуге бұл автобуспен ыңғайлы, жаңа ескі автобусқа қарағанда өте, өте жеңілірек. Алты ступениесі бар, пандустары бар мүгедек кісілерді кіргізіп шығаратын.