Кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына барды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркиядағы қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндамасында айтты.
Біздің мамандар күрделі жағдайларға қарамастан жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылар жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі. Тағы Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
