Жезқазғанда перинаталдық орталық салынады

Президенттің тапсырмасымен елімізде 12 перинаталдық орталық салынса, оның бірі Жезқазғанда бой көтереді. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты.

Қазір нысанның сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Құрылыс келесі жылы басталады. Вице-премьер облыстағы дәрігер тапшылығын жою шараларына басымдық беру қажеттігін тапсырды. Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы құрылысы түрлі себептермен аяқталмай қалған нысандарға барды. Шаруалармен жүздесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімді тұстарын айтты. Облысқа бұл бағдарлама бойынша 570 млн теңге бөлінген. Қазірдің өзінде 2,5%-тік несие алуға 200-ден астам кәсіпкер мен кооператив жетекшілерінен өтініш түскен. Сұраныстың көбеюіне орай үкімет өңірге бөлінетін қаржыны бірнеше есе арттыратын болды.

Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Қосымша биылға тағы 2 млрд 800 млн теңге береміз. Егер одан да көп өтініштер болатын болса, өз кәсібімізді ашамыз деген өтініштері болса, мынадай мал шаруашылығымен немесе басқа да шаруашылықпен айналысымыз деген. Біз қосымша қаражат үкіметтен бөлеміз.

 

 

Сондай-ақ...