Елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Ақпан айы біраз сый әзірлеп отырған сыңайлы. Елдің бірқатар өңірінде қар жауады. Көктайғақ болады. Тұман түсіп, қатты жел соғады.

Арқада кешелі бері күн күрт суытып, аяз бетті қарып тұр. Қазақ "ақпан-тоқпан" атаған бұл мезгілде мал жайып алысқа ұзау қауіпті. Өйткені күннің көзі жылып тұрып, аяқасты үскірік жүруі мүмкін. Ал суық 7 күнге дейін созылатын жағдайлар болады. Сол себепті жолға шыққандар да сайланып жүргені абзал. 

Саида Бердібекова «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қатты қар жауады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ күтілмек. Республика бойынша тұман, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі болжанады. 11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ...