ТЖМ Түркиядағы адамдарды құтқару туралы видео жариялады

ТЖМ Түркиядағы адамдарды құтқару туралы видео жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы адамдарды құтқару барысы жайында бейнетаспа жариялады.

Нурдагы қаласында қазақстандық құтқарушылар үйінді астындағы адамдарға жету үшін екі тәулік бойы ойық қазған. Сол арқылы қираған ғимараттың астынан адамдарды алып шықты. Құтқару кезінде зардап шеккендермен үзіліссіз аудио байланыс орнатылып отырды. Құтқарушылар әр адамды жол бойы өз денелерімен қалқалап, толық қауіпсіздігін қамтамасыз етті.