СҚО-да тағы бір ауыл тұрғындары арақ-шараптан бас тартты

Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Ковыльное елді мекеніндегі дүкендерде қазір ащы сусын мүлдем сатылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі сұраныс жоқ. Жалпы, мұндай бастаманы ауыл ақсақалдары көтеріп, ол бір ауыздан қолдау тапқан. Осының нәтижесінде соңғы жылдары мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген екен. Сондай-ақ аталған ауылда 150-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылыпты. Жастар болса, салауатты өмір салтын ұстанып, әркез спортпен айналысады. Ол үшін бар жағдай жасалған.

Мұхамедхан Үсейінов, ауыл тұрғыны:

- Мен келгелі мұнда дүкенде арақ-шарап сатылған емес. Арақ сатылмайды. Бір жақсы жер, сонысы жақсы. Көшеде біреудің теңселіп, шайқалып жүргенін байқамайсын, көрмейсің де.  

Бидайық Қазкенова, кәсіпкер:

- Ковыльныйда, осы ауылда мен 10 жыл мына дүкенді ұстаймын. Арақ-шарап сатпаймыз. Алушылар алмайды, сұрамайды да. Бүкіл тойлар арақсыз өтеді. Қымыз, басқа сусындарды алады.

Сондай-ақ...