Шетелдік көлікті заңдастыру бойынша 61 мың адамның өтініші мақұлданды

20 күнде 61 мың қазақстандықтың шетелдік көлікті заңдастыру бойынша өтініші мақұлданды.

25 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлерін, алды деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. Еске салайық, теміртұлпарларды, заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтау үшін өткен жылы министрлік "Қорғау"бағдарламасын іске қосты. Оның көмегімен жалған номерлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген автомобильдер, сондай-ақ жүргізу құқығынан айырылған, ережелерді жүйелі түрде бұзатын және айыппұл төлемейтін жүргізушілер анықталады.