ҰБТ: 160 адамның нәтижесі жойылды

ҰБТ ережесін бұзған 160 адамның нәтижесі жойылды. Себебі олар тыйым салынған заттарды, тестке алып кірген.

Мамандар оны бейнебақылау камерасы арқылы анықтады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осылай деп мәлімдеді. Биыл 123 мыңға жуық үміткер тест тапсырды. Шекті балды талапкерлердің 83% жинады. Ал 21 мыңнан астамы, айтарлықтай көрсеткішке жете алмаған. Ал ең жоғары ұпай – 139 болды.

Руслан Емелбаев Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- 62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылды. Осы жылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.