Әлеуметтік желіде онлайн танысу арқылы алдайтындар көбейді

Әлеуметтік желідегі алаяқтыққа тұсау болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кaspersky сарапшыларының айтуынша, жұп болу мақсатында танысып, алдайтындар көбейген. Олар жалған парақшалар ашып, адамдардың қаржылық жеке деректерін біліп алады. Сондықтан мамандар жеке ақпаратты бейтаныс жандарға жібермеуді және қауіпсіз байланысты қолдануға шақырады.

Валерий Зубанов, «Касперский зертханасының» атқарушы директоры:

- Соңғы күндері жалған парақшалар әдеттегіден көп ашылып, белсенді жұмыс істей бастады. Валентин күні қарсаңында жасалған жымысқы әрекет деп ойлаймыз. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Құпия ақпараттарды әлеуметтік желіде танысқан адамға бермеңіздер. Бұның соңы жақсы болмайды.