Атырау облысы бойынша 40 ауылды жаңғырту жобасы қабылданды

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Атырау облысы бойынша 40 ауылды жаңғырту жобасы қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңірде 153 ауыл бар. Бағдарламаға 15 ауыл мен 2 кент еніп отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 5,8 млрд теңге бөлініп, 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның ішінде Мақат кенті де бар. Былтыр ауданға 2 млрд 36 млн теңге қарастырылған еді. 6 жоба қолға алынып, 4-уінің құрылысы аяқталды. Солардың бірі – аудан орталығындағы жаңа стадион мен балалар спорт мектебі. Сондай-ақ Доссор кентінде 21 шақырымдық жол салынып, пайдалануға берілді. Ал стадион құрылысы маусым айында аяқталады.  

Азамат Шаңғалаев, Мақат ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл 2 жылдық жоба. Бұл жоба бойынша спорт залдың ішінде күрес залы, бокс залы бар. Сыртқы стадионда үлкен футбол алаңы, волейбол, баскетбол алаңдары қамтылады. 2023 жылға  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Доссор кентінен 288 млн теңгеге 4 ойын алаңының құрылысы басталады.