Ақмола облысының жылу желісі тексеріледі

Ақмола облысында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін барлық жылу желісі мен қазандық жабдықтарына техникалық тексеру жүргізіледі.

Әйтпесе бүгінде бір ғана Степногорск қаласындағы желілердің 82 пайызы тозған. Шағын шаһардағы жылу электр орталығының жұмысымен танысқан Президент Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесін шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығының құрылысына қатысты тапсырмасының орындалуы туралы есеп берілді. Облыс әкімі Үкіметпен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Орталықтың қуаттылығын сағатына 520 гигакалория жылу мен 240 мегаватт электр энергиясын өндіретін деңгейге дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.