Оралда еріктілер қар тазалауға көмектесті

Оралда еріктілер қар тазалауға көмектесті

Оралда толассыз қар жауып, көшелерде қозғалыс қиындап кетті.

Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері тәулік бойы екі ауысымда еңбек етіп жатыр. Оларға ерікті жастар көмек беруде. Қолына  күрек алып, жолдарды қардан аршыған волонтерлер эстафетаны жоғары оқу орындарына жолдаған. Өз кезегінде студенттер де қатарға қосылды. Олар көшеден бөлек жалғызбасты қариялар мен мүгедектердің ауласын қардан тазартып жатыр. Шаһарда қазір сынап бағаны 7 градустан төмен. Ақтүтек боран басылды. «Ал ақұлпа осы апта бойы жауады» деп болжайды синоптиктер.

Ернұр Кінәма, волонтёр:

- Осы салада қызмет жасайтын мамандара бір сеп болсын деген жастардың лебізі ретінде жасылып жатқан жұмыстар. Біз бұл бастаманы жоғары оқу орындарына жолдадық. Ал ЖОО дәл қазіргі сәтте арнаулы оқу орындарына, сонымен қатар мектеп оқушыларына да жолдап жатыр.