Ақтөбе облысында қала мен ауылдарда бейнекамералар орнатылады

Ақтөбе облысында қоғамдық орындар мен жол бойындағы қауіпсіздікті күшейту үшін үш мыңнан астам бейнекамера орнатылады.

Негізінен облыс орталығы мен онға жуық елдімекендерге қою көзделген. Соның ішінде шекара маңындағы ауылдар да қамтылады. Жобаны іске асыру үшін бюджеттен бес млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бейнекамералар полиция, төтенше жағдайлар департаменттері мен өзге де құзырлы органдар жүйесіне қосылады. Нәтижесінде, қылмыс пен апатты оқиғалардың алдын-алу жұмыстары қолға алынады. Болашақта бақылау жүйелерін біріңғай желіге қосу көзделген.

Абзал Жамбылов, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы:

- Ақтөбе облысындағы бейнебақылау жүйесінің біріңғай системасын жасау жоспарымызда. Яғни, бұл дегеніміз жаңадан қондырылатын 2422 камерамен қатар, 2728 бар камераларды интеграциялау. Жәнеде бір системада біздің полиция және басқа да органдарға ыңғайлы болу үшін барлық бейнебақылау жүйелерін қарап отыру болып табылады. Аталған камералардың 20 пайызында бұл жерде аналитика болады.