Петропавлда қатарластарын жарақаттаған оқушы қамауға алынды

Петропавлда мектепте қатарластарына балта сілтеген оқушы екі айға қамауға алынды.

Бүгін қалалық мамандандырылған тергеу соты осындай шешім шығарды. Дүйсенбі күні №4 – інші орта мектеп оқушысы сабаққа балта мен пышақ әкеліп, 3 баланы жарақаттады. Оның екеуі ауруханада жатыр. Белгілі болғандай, күдікті психиатриялық есепте тұрған. Осы оқиғадан кейін еліміздегі орта білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі тексерілетін болды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50 мектепте арнайы күзет қызметі жоқ екені анықталды.