Павлодар облысының шаруаларына арзандатылған дизель отыны беріледі

Павлодар облысының шаруаларына көктемгі егіс жұмыстары үшін  арзандатылған дизель отыны беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Литрі – 191 теңге. Қазір 23 мың 800 тонна қор дайын тұр. Сұйық отынды жеткізумен 2 оператор айналысады. Қазіргі уақытта тауар өндірушілерден ақпан айына қажет жағармай алуға өтініш қабылданып жатыр. Павлодар мұнай химия зауыты дизель өндірісін уақытша тоқтатқанымен, жанармайға  тапшылық болмайды, - дейді мамандар. Себебі көктемгі егіс науқанына қажет мұнай өнімдері алдын ала дайындалды.  

Ерғанат Әубәкір, Ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі уақытта осы арзандатылған дизель отыны бұрынғы жылдары, яғни 2018 жылдан бастап 2022 жылғы жаңа платформа арқылы, яғни «қолдау» арқылы жүргізілген болатын. Осы 2023 жылдан бастап біз қағаз түрінде жүргіземіз. Яғни, ол «қолдау» сайтының жұмыс істемеуіне байланысты. Қазіргі уақытта аудандар мен қала әкімдіктеріне тиісті іс-шаралар жүргізілді. Қағаз жүзінде өтінімдер қабылдау басталды. ПНХЗ зауытының тоқтауы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін ешқандай кедергі жасамайды. Қазіргі уақытта дизель отыны жіберіліп жатыр.