Екібастұзда жылуды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қаңтардың қақаған аязында жылусыз қалған Екібастұздықтарға жеңілдік жасалды. Олар жылу ақысының 30%-ін ғана төлейді. Бұл – «Екібастұз жылу энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығының шешімі. Нәтижесінде қала тұрындарының 155 млн-нан астам теңгесі үнемделеді.

Екібастұзздағы апаттың салдары толық жойылған жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Көпқабатты үйлердің басым бөлігіне жылу берілгенімен, пәтердегі температура 18 градустан аспай тұрғандары да бар. «Екібастұз жылу энерго» компаниясы жағдайды тұрақтандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Бүгінге дейін 26 шақырым жылу құрыбы ауыстырылды.

Дмитрий Захаров, «Екібастұз жылу энерго» ЖШС бас директорының м.а.:

- Жеке техникалық жөндеу қызметкерлері мен мердігерлерден 71 адам жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 153 пәтер толық жөнделді. Қазір тағы 27 пәтерде жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қалпына келтіру жұмыстарының уақыты әрбір пәтердің қаншалықты зақымданғанына да байланысты болып отыр.

Пәтерлердің жылынбауына жылу электр орталығындағы апат қана себеп емес, - дейді мамандар. Бүгінде қаладағы тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелері де толықтай тозған. Пәтер иелерінің көбі үйдегі жылу құбырларымен радиаторларын жылдап ауыстырмаған, құбырлар бітеліп тұр. Орталықтан келген ыстық судың өтімділігі өте төмен.

Юрий Кузин, «Екібастұз жылу энерго» ЖШС тұтынушылармен жұмыс бөлімінің басшысы:

- Тұтынушылар жылу беру маусымына дайындық шараларын жүргізуге міндетті. Бұл жылу энергиясын пайдалану ережелерінде көрсетілген. Алайда өкінішке қарай, ереже сақтайтын тұрғындардың саны аз болып тұр. Аталмыш жағдайлар температуралық гидравликалық режимнің нашарлауына әкеліп соғады.

Қаңтар айында Екібастұздың жылу жүйесінде апат болып, қала халқы аязды күнде далада қалған еді. «Екібастұз жылу энерго» компаниясымен мемлекеттің шұғыл шараларының арқасында қалаға жылу беріліп, халық үйлеріне оралды. Ел ішінде осы уақытқа дейін ақы төлеу мәслесе жиі айтылып жүрген. Компания өкілдері қайта есептеу барысында халыққа 70% жеңілдік жасау туралы шешем қабылдады. Бұл тұрғындардың 155 млн теңгесін үнемдейді. Жаңа тариф осы айдан бастап қолданылады.

Авторы: Альмира Оразбай.