Баланың үнемі «телефонда отыруы» цифрлық аутизмге әкеп соғуы мүмкін

Смартфон мен интернетті көп қолданудың кесірінен пайда болған цифрлық аутизм саналы ұрпақтың жаны мен жадына жарақат салады. Бұл дерттің пайда болғанына он жылға жетер-жетпес уақыт болған. 

Айгерім Омышева басынан өткен жайтты өкінішпен еске алады. Нәрсете кезінен қызына смартфоннан мультфильмдер қосып қоюды әдетке айналдырған ол, бұл әрекеті цифрлық аутизм ауруына алып келерін білген жоқ. Екі жастан асқан баласының ойыншыққа қызықпайтынын, сөйлеуге тырыспайтынын байқаған. Бұл аутизм ауруының белгілері дейді. Бірақ бала цифрлық аутизмге шалдыққанын ана кеш ұғыпты. Сөйлеудің кеш дамуы және астигматизм диагнозы қойылған.

Айгерім Омышева, қала тұрғыны:

- Қазір телефоннан шектеу мүмкін емес. Себебі 21 ғасырда барлығы телефонға байланысты. Бірақ уақытпен шегеріп беру керек деп ойлаймын. Телевизор телефоннан ол туылғалы бері. 6 айында диагностика өттік. Көзінің тексерісін. Сосын 1 жасында. Сонда астигматизм диагнозын қойды. 00:16 үлкен қызым телефонға тәуелді бола бастады. Себебі қазір жұмысымыздың барлығы телефонмен, жұмыс көп қолымыз бос емес. Артық уақытымыз болса балаларға телефон бергіміз келеді. Байқасақ бізде задержка речи диагноз қоя бастады. Сол себепті қазір балаларымызға кешкі уақытта телефон бермейміз.

Аутизм нәресте бойында туабітті болса, цифрлық аутизм сыртқы факторлардың нәтижесінде жүре пайда болады. Яғни буыны қатпаған балаға күні бойы телефон ұстату қауіпті. Көз жанарының нашарлауы, әлсіздік, семіздік, физиологиялық дамудың тоқтауы, психикалық ауытқулар сияқты симптомдар цифрлық аутизмнің айқын көрінісі дейді дәрігерлер.

Ырзық Жарылғасынова, офтальмолог-дәрігер:

- Ұзақ уақыт телефонға телміру көзге өте зиян. Жүйке жүйесі, дене мүшесі енді қалыптасып келе жатқан баланың көз бұлшықетіне шамадан тыс жүктеме түсуге болмайды. Себебі ол ақпаратты қабылдаушы орган. Адамның ең әлсіз жері. Әрине шағыммен көп адам келеді. Қазір балалар арасында көз ауруына шалдыққандар көп. Бірақ телефон көруден шектесек емделуге болады.

Әлеуметтік зерттеуге сәйкес 70 пайыздан астам ата-ана балаларын интернетке тәуелді деп ойлайды. Цифрлық аутизм толық зерттелмеген. Сондықтан кеселмен күресудің нақты бағдарламасы да жоқ.  

Гүлзия Нақыпқызы Ақылбек Есімсейітов