Қырғызстан аумағынан үш дрон еліміздің әуе кеңістігіне өткен

Былтыр қазақ-қырғыз шекарасында 34 тосын оқиға тіркелген.

Оның 28-і үй жануарларына қатысты жайт. Үш рет дала өрті, шекарадан Қазақстан аумағын шарпыған. Сонымен қатар 3 ұшқышсыз аппараттың, еліміздің әуе кеңістігіне өткені тіркелген. Бұл жайында Сенат отырысында Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Ерлан Алды-жұманов мәлімдеді. Қазақ-Қырғыз мемлекеттік шекарасының үш қызмет учаскесін шекара өкілдері бақылайды. Бұл Алматы, Қордай, Тараз учаскелері. Тиісті хаттама бүгін Сенат отырысында қабылданды. Хаттама Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастардың, құқықтық негізін белгілеуге және реттеуге бағытталған.