Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған кездесуде елдегі демократияның дамуы талқыланды

Адамның құқықтары толық қамтамасыз етілген қоғамда ғана демократия процестері жүзеге асады.

Еуропа елдерінде бұл бұрыннан қалыптасқан бұлжымас қағида. Қазақстан да осы талапқа сай болуы тиіс. Бүгін Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған кездесуге қатысқан сарапшылар осындай пікірлерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, қазір біздің елде болып жатқан саяси өзгерістер демократияны дамытуға бағытталған маңызды қадамның бірі. Жиынға қатысушылар осы жөнінде пікір алмасып, жауапты органдарға тиісті ұсыныстарын жібермек.  

Арман Ешмұратов, ҚР тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші сарапшысы:

- Демократияны дамытамыз ба, жеке жолымыз бар деген сияқты. Қоғамда әртүрлі ойлар шығып жатыр. Қазірге дейін демократиядан артық нәрсе жоқ. Оған адамның санасы өзгеруі керек.