Оралда мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды

Оралда мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды

Олар мінген жеңіл көліктен сиыр төшкесі, балта, арқан және үш пышақ табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлердің мәліметінше, 36 және 33 жастағы ер адамдар ірі қара малын Ілбішін ауылынан барымталаған. Сонымен қатар тергеу кезінде олардың өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталды. Барымташылар былтырдан бері Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарында мал ұрлаған.

Дариға Мәжитова, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:
- 2022-2023 жылдары жасалған 5 мал ұрлығына қатыстылығы анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.