Ұлытау облысында алаяқтық азаймай тұр

Ұлытау облысында арзан тауарды 10 есе қымбат бағаға саудалайтын алаяқтар көбейді. 

Жеңіл жолмен табысқа кенелгісі келетіндер әсіресе, зейнеткерлерді сан соқтырып кетеді. Жақында Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті екі шағым бойынша шығынды өндіріп алды. Соңғы 5 айда интернет арқылы тауарға тапсырыс беріп, алданып қалған 57 адамнан арыз түскен. 9 млн теңгеге жуық ақша қайтарылды. 

Жеңісбек Ахметов, облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

- Қала тұрғындарынан, егде жастағы 35 пен 70 жас аралығындағы кісілерді телефон шалу арқылы, мынадай шоу болып жатыр депшақырады мейрамханаға. Мейрамханаға барып, шоу өткізіп, ұтыс ұйымдастырып 100-200 мың теңгелік массаж құрылғыларды 1 млн 100 және 900 мың теңгеге сатқан.