Алматы облысында 2 айналма жол ашылады

Қонаев қаласын басып өтетін теміржол шаһар сыртына шығарылуы мүмкін. Бұл жөнінде Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Индустрия және  инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Қаланың бас жоспары жасалған. Жоспарға сәйкес қала солтүстік батысқа қарай кеңейді. Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Осы орайда «Ауқымды құрылысқа теміржол бөгет болмау керек. Теміржол желісін сыртқа шығаруға инвесторлар қызығушылық танытып отыр», - деді Индустрия және  инфрақұрылымдық даму министрі. Сонымен қатар ол өңірдегі автомобиль жолдарының құрылысын көрді. Жыл ортасында 66 шақырымдық үлкен Алматы айналма жолы мен  Шамалған бекетіндегі 6 шақырымдық жолайрық пайдалануға берілмек. Ал Алматы іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешені жанында салынып жатқан айналма жолдың құрылысын жарты жылда аяқтау жоспарланып отыр.

Нұрхат Ақылтаев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Алматы облыстық филиалының директоры

- Биыл қыркүйек айында бізде келісімшарт біту керек. Жұмыстар біту керек. Жоспарымыз бойынша шілде айында барлық жұмысты бітіріп, пайдалануға береміз деген жоспарымыз бар.