Екібастұзда оқушылар қашықтан оқиды

Екібастұздағы барлық мектеп пен колледж оқушылары уақытша қашықтан оқиды. Яғни, ақпанның 20-сы мен 24-і аралығында сабақ онлайн өтеді.

Ал балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істейді. «Екібастұз-теплоэнерго-ның» хабарлауынша, қалада жылу беру қалыпқа түсе бастады. Алайда білім беру ұйымдарын толық жылыту үшін біраз уақыт қажет. Мектептердегі сынап бағанасы күн сайын тексеріледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, қажетті температуралық режим орнаған кезде білім беру мекемедері қайтадан штаттық оқыту режиміне ауысады.