Ақмола облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр. LIVE

Ақмола облысында ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер осылай деп болжап отыр. Ал құтқарушылар күн күрт жылыса, су деңгейі көтеріледі деп қауіптенеді.

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Иә, өңірдегі ауа температурасын төмендегені сезіліп тұр. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласынының өзінде сынап бағанасы – 9 градус. Синоптиктер алдағы 3 күн ішінде күн тағы жылынып, температура 1-ге дейін түседі деп болжап отыр. Яғни, күндіз +1, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Арқаның ақырған аязына әбден еті үйренген ақмолалықтар үшін бұл тосын жәйт. Күннің күрт жылынғаны жергілікті тұрғындар қуанғанымен, құтқарушылар үрейленіп отыр.

Еркен Бірлібеков, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы:

- Күннің жылынуы 3-4 күн болады деп күтіліп отыр. Қауіптің алдын алу шараларын пысықтадық. Қазіргі таңда біз аула ішіндегі қар шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Арықтарды да тазалап жатырмыз. Апат айтып келмейді ғой. Сол себепті өзен көлдердегі ахуалды қатаң бақылауда ұстап отырмыз.

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Айталық, облыс бойынша көктемгі су тасқынына дайындық қызу. Яғни, мыңнан астам техника мен 2 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ. Сонымен қатар температураның төмендеуі көктайғаққа әкелуі мүмкін, - дейді сала мамандары. Көкшетауда қазір көріп тұрғандарыңыздай, қар жауып тұр. Ал жауын-шашын болады деген ақпарат жоқ.