Меншік иелерінің бірлестігін онлайн форматқа көшіріп жатыр

Енді меншік иелерінің бірлестігін электронды түрде тіркеп, төрағасын тұрғындар онлайн дауыс беру арқылы сайлайды.

Саланы цифрландыруға бағытталған пилоттық жобаны Әділет министрлігі жүзеге асырады. Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын жинау процесін автоматтандырып, электрондық хаттаманы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді. Оның айтуынша жаңа жоба тұрғын-үй төңірегінде жиі туындайтын дау-дамайды азайтудың амалы. Министрлік бұдан өзге де мемлекеттік қызметтерді онлайн платформаларға бермек.

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:

- Қазіргі уақытта министрліктің 7 жобадан тұратын Digital Justice цифрлық Әділет жобалар портфелін іске асыруда. Министрліктің 53 мемлекеттік қызметі толықтай еговта. 28-і егов мобайлда. 13 сервис және 5 цифрлық құжат қолжетімді. Мемлекеттік қызметті автоматтандыру. Бүгінгі күні еговтың сайтында министрліктің барлық қызметтері электронды форматқа көшірілді.