Шығысқазақстандық ғалымдар эндопротездеу үшін имплантат құрастырып жатыр

Шығысқазақстандық ғалымдар жамбас-сан буынын эндопротездеу үшін ерекше имплантат құрастырып жатыр.

Протездің ерекшелігі жамбас сүйегіне операция кезінде денеге айтарлықтай зақым келмейді. Әрі эндопротезді ағза қабылдамаған жағдайда, сүйекті сақтап қалуға мүмкіндік бар. Мамандардың айтуынша, жоба сынақтан сәтті өтсе, алдағы бір-екі жыл ішінде медицинада кеңінен қолданылады.

Эндопротездің ерекше түрі осы SMART-инженерия орталығында құрастырылып жатыр. Стомотология мен травмотологияда талай жетістікке жеткен инженерлер үшін бұл жаңа белес.Олар титан имплантантын енді жамбас-сан буынын сақтап қалу үшін қолданбақ.

Жобаны ұсынған Семей медициналық университеті. Өйткені қазіргі стандартты операция барысында жамбас сүйегінің мойыны кесіліп, протез қойылады. Егер кейін бұл констуркцияны ағза қабылдамаса,оны қайта алып тастауға тура келеді. Салдарынан мойынның орны босап, соңы мүгедектікке соқтыруы мүмкін.   

Бағдат Азаматов, SMART-инженерия орталығының жетекшісі:

- Осы проблеманы шешсек деп нұсқау келді.Бірлесе отырып, жаңағы жаңа құрылғыны әзірледік. Олар ұсынған констуркцияны қарастырып, инженер ретінде өзіміз нұсқаларды ұсынып жатырмыз.Олар медицина саласына біріксе,біз инженерлік жағынан қарастырып жатырмыз.

Осылайша сан сүйегінің басы мен ұршығын жалғап тұрған мойынға айтарлықтай зақым келмейді. Демек анотомиялық қалпы сақталады.

Алтай Дүсіпов, Семей медициналық университетінің ректоры, жоба авторы:

- Бұл эндопротезді қойған кезде тілік өте аз болады.Сол жердегі қан айналымы да бұзылмайды. Тіпті ағза мүлдем қабылдамай,асқыну болған жағдайда протезді алып тастай аламыз. Есесіне сүйек сақталады. Ендеше адамды ары қарай да емдеуге болады.

Бұндай бастамалардың медицина үшін маңызы айырықша дейді мамандар. Ең бастысы сырттан келетін қымбат құрылғыларға тәуелділік азаяды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Нарыққа кіру әлеуеті өте жоғары.Қазіргі таңда штивті,медициналық бұйымдардың 90-100 проценті сырттан келеді. ал титан ниоби тәрізді металлдан жасаған 27 процент үлесіміз бар.Сондықтан мақсатымыз осы жобаны қолдап үлкен өндірістік кешен, кластер қалыптастыру.

Дәрігерлердің сөзінше қазір жамбас сан буыны аурулары көп кездеседі. Облыста осы сүйекті эндопротездеу үшін 400-ге жуық адам кезекте тұр.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов