loader


БҚО-да ауа райының қолайсыздығынан жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды.

Қалың тұман салдарынан таңғы сағат 9-да республикалық маңызы бар Орал-Тасқала автожолының бойымен қозғалыс шектелген. Көліктің барлық түріне әзірге жолға шығуға тыйым салынып отыр. Ал шығыстағы таулы өңірлерде қар көшкінінің қаупі бар. Ақпанның 21-і мен 23-і аралығында толассыз қар жауып, жел күшейеді. Осы себепті төтенше жағдай қызметі тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ құтқарушылар алыс сапарға шықпас бұрын жолдардың жай-күйін алдын ала тексеру керегін айтады.

Сондай-ақ...