loader


Ақмола облысында Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырылды

Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына биыл 125 жыл. Осыған орай елорда маңындағы «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінде, арнайы көрме мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ғибратты ғұмыр» деп аталатын шараға алаштанушылар, ғалымдар  және саяси репрессия құрбанының туыстары жиналды. Олар Жанайдар Сәдуақасовтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тың деректермен бөлісіп, жеке заттары мен құжаттарын  музейге табыстады. Елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне, елеулі үлес қосқан қайраткердің еңбегі, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуы қажет, - дейді мамандар. Осы мақсатта дәл осындай форматтағы шараларды, енді жыл бойы, еліміздің басқа өңірлерінде де өткізу жоспарланып отыр.

Самат Тергембаев, «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінің директоры:

- Жанайдар Сәдуақасұлына арналған шаралар бүкіл республика көлемінде аталып өтіледі. Барлық облыстарда, Алматы қаласында, Астананың өзінде. Біздікі – бастамасы. Бірінші қанаталды шараны біздің  саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған орында атқарып жатырмыз.

 

Сондай-ақ...