loader


Шымкентте қарулы шабуылға қатысты іс қозғалды

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір «қарақшылық», «адам өлтіруге оқталу» және «атыс қаруын заңсыз иемдену» баптары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті – 1973 жылы туған Өзбекстан азаматы. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, күні кеше тапа-тал түсте қару-жарақ дүкеніне шабуылдаған ер адам мен күзетшілер арасында атыс болды. Салдарынан күзетшінің бірі жараланып, ауруханаға жатқызылды. Тергеу тобы алдағы уақытта күдіктіні бұл іске не итермелегенін анықтайды.

Сондай-ақ...