СҚО-да республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы республикалық жолдар жабылды.

Өңірде жауын жауып, көшелер көктайғаққа айналды. Әрі окушылармен колледж студенттері сабаққа барған жоқ. Жарақат алғандар да бар.

Түнде жауған жауыннан қала көшелері әп-сәтте көктайғаққа айналып шыға келді. Салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы да шектелді. Себебі айнадай жылтыраған жолда көлікте адам да жүргісіз.

БЛИЦ:

- Уже жүмыстан да қалдым. Тайғақ. Бір-екі рет құладым.

– Құм сеуіп жатқандар бар ма?

– Көрген жоқпын. Тек садик, мектептің жанында өздері ғана себеді, болды. 

- Зорға жүріп келе жатырмыз, тәртілектеп кішкентай бала ұқсап. Тәй-тәй басқан балалар ұқсап. Сұмдық, сұмдық. Мынаған тұз төсесе ғой кішкене.  

Тұрғындар таңертен жұмысына кешікті. Ауа райының қолайсыздығын пайдаланған пысықай такси жүргізушілері бағаны шарықтатып жіберді. Тайып жығылып жарақат алғандар да жоқ емес.

Екатерина Белоусова, қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының баспасөз хатшысы:

- Таңсәріден 21 адам медициналық көмекке жүгінді. Екі адам алған жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Келіп жатқан науқастардың легі әлі азаяр емес. Сондықтан тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеміз.   

Қала тазалығына жауапты қызметкерлер көшелерге құм себуде. Қазір коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Эльмира Сәдуақасова, қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Ең алдымен Рабочий және Заречный кентіндегі, Ойқала мен Жас Өркен аудандарындағы көпірмен көпірге көтерілетін және түсетін жолға құм-тұз қоспасы себілді. Кейін кезек магистарльді кқшелермен тратуарларға жетті. Дәл қазіргі таңда 50-ден аса техника жұмыс істеп жатыр.   

Көктайғаққа байланысты мектеп оқушыларымен колледж студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Облыс орталығында түнгі он екіден бастап 5 жол көлік апаты тіркелді. Қазір өңірде бірнеше бағыттағы республикалық тас жолдар жабық.

Самат Қайырденұлы, Қуаныш Қазбеков