Еліміздегі ауасы ең лас қалалар белгілі болды

Қарағанды, Теміртау, Алматы және де Астана Қазақстанның ауасы ең лас қалаларының көшін бастады.

Бұл жайында бүгін қазгидромет мамандары ауа сапасын жақсартуға бағытталған Орталық Азиялық конференция барысында айтты. Жиынға қатысқан халықаралық сарапшылар бұндай проблема тек Қазақсанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның өзге де елдерінде байқалатынғын атады. Оның басты себебі жылу электр орталықтары, көмір жағатын жеке секторлар, өнеркәсіптік өндіріс ошақтарының зиянды қалдықтары мен көшедегі көліктердің көптігінен деп отыр. Осыған байланысты мамандар тез арада атмосфералық ауа сапасының жаңа стандарттарына көшу жөніндегі іс-қимылдары жоспарын әзірлеу керек деген пікірде.

Наталья Дәулетиярова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі департамент директорының орынбасары:

- Конференция соңында атмосфералық ауа сапасының жаңа стандарттарына көшу жөніндегі жол картасы ұсынылатын болады. Кейін оны жауапты министрлік қарайды. Өйткені былтыр қабылдаған экологиялық кодекске сәйкес біз сапа нормативтерін пысықтауға міндеттіміз.