loader


Қазақстандық еріктілер Сирияға жылу жинап жатыр

Қазақстандық еріктілер жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия елінің тұрғындарына жылу жинап жатыр.

Қажетті киім-кешек пен заттарды Сарыарқа ауданының әкімдігі ғимаратына жеткізуге болады. Мұндағы еріктілер оны сұраптап, қаптарға орайды. Ең бірінші болып гуманитарлық көмекті Өскемен және Ақтау қалаларының тұрғындары жіберді. Алдағы уақытта Алматы шаһарынан дәрі-дәрмек әкелінуі тиіс. Еріктілердің айтуынша, олар қаржы жинамайды. Көмек тек зат күйінде ғана қабылданады. Қазірдің өзінде қоймаға 20 тонна жүк жиналды. Ол наурыз айының 7-інде Сирияға жөнелтіледі деген жоспар бар.

Әлфараби Аймақ, волонтер:

- Ол қандай заттар? Жылы киім - кешектер, аяқ киім, дәрілік заттар, матрац, палатка деген сиякты заттарды сатып алу жұмыстары. Сосын осы жерде жинау жұмыстары атқарылады. Келген заттар ерлер, әйелдер және балаларға деп іріктеледі.

Сондай-ақ...