Қазақстанда тұрақ орындары мен қоймалардың мәртебесі мүліктің дербес түрлері ретінде бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтіні бюджет қаражаты есебінен ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру тетігі енді заңмен реттеледі. Сенат отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы заңға тиісті өзгерістер енгізу мақұлданды. Құжатта сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясына 1 жылға дейін уақытша басқарушы компанияны анықтауға мүмкіндік беру жайы қарастырылған.
