loader


Түркістан облысында 521 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Өткен жылы Түркістан облысында пайдаланылмай жатқан 521 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал биыл 330 мың гектар жайылымдық жерді көпшіліктің игілігіне беру көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық прокуратура мамандарының айтуынша, ғарыштан жүргізілген мониторинг пен құзырлы органдардың қолындағы ақпараттың арасында, айырмашылық бар. Мәселен, ғарыштық есептеулер 4500 жер пайдаланушының 560 мың гектар жерді дұрыс игермегенін көрсеткен. Ал, ақпаратты қайта нақтылау кезінде 1300 адамның 97 мың гектар жерді өз мақсатында пайдаланбағаны анықталды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін облыстық прокуратура мен әкімдік бірігіп, «Қолжетімді жайылым» жобасын, іске асырып жатыр.

Саян Келдібеков, облыс прокурорының орынбасары:

- Арыс ауданындағы Ақдала ауылының жеке секторында 1382 мал басы анықталған. Ал ауыл округінің есебінде 8817 бас мал тіркеліп, ереже нормативіне сай 6768 гектар жердің орнына 10 мың гектардан астам жайылым керек деген мәлімет беріп отыр. Тексеру кезінде тағы да 5 ауылдық округте осындай жағдай орын алған.

Сондай-ақ...