Қарызын қайтара алмайтын азаматтарға кепілсіз несие беруді шектеу керек. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында осылай деді.
Оның айтуынша, банктер клиенттерінің төлем қабілеттілігін мұқият тексеру керек. Соның арқасында келешекте өзін банкрот болып жариялаймын дейтіндер санын азайтуға болады.
Айта кетейік, банкроттық туралы заң биыл наурыз айныда күшіне енеді. Құжат қиын жағдайға тап болған борышкерлерге мемлекет тарапынан көмек көрсетуге бағытталған.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Біз тұтынушылардың қарыздары көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Былтыр несие беру көрсеткіші 25%-ке артып, 7,7 трлн теңгеге жетті. Кредит алатындардың басым бөлігі – қарапайым азаматтар. Бірақ олардың төлем қабілеттілігін кепілсіз несие бермес бұрын дұрыстап тексеру керек деп есептейміз. Әйтпесе, алдағы уақытта банкроттық жариялаймын дейтіндер тым көбейіп кетеді деген қауіп бар.
