Технология күн санап дамып жатқан тұста руханият кенжелеп қалмауы керек.
Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымы. Биылғы жылды діни басқарма «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Қоғамды рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеп, жастар арасында дәстүрді насихаттау бағытында бірқатар жоба жүзеге асады. Оның алғашқысы Ұлытау облысында басталды. Киелі мекенде «Ұлытаудың рухани дамуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған шара барысында танымал теологтар мен белгілі ақын-жазушылар өзара пікір алмасты. Сонымен қатар діни бірлестік өскелең ұрпақ арасында тарихи туризмді дамыту бағытында бірнеше жобаны жоспарлап отыр.
Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
- Сөзді қазір адамдар қалай болса солай айта салады. Жала жабу, сырттан өсек айту, әр түрлі жаман сөздер айту қазіргі кезде әлеуметтік желі болған соң, кез келген кісінің қолында смартфоны бар нені қаласы соны айта береді. Мақсатымыз қоғамдағы адам баласының қарым-қатынасы, адал, әділ, бір-біріне деген мейірімділікті дамытуды көздеп отырмыз.
