Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.
Ресми мәлімет бойынша министрліктің төрт қызметкері көз жұмды. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Қанатов Дәулетбай Сабырбайұлы, екінші пилот Афанасьев Владимир Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Андосов Сиязбек Шажалиұлы және жетекші инженер Доскалиев Жәрдем Қуанышқалиұлы бар.
