Биыл ителгі мен дуадақты қорғайтын мемлекеттік қорық құрылады.
«Бетпақдала» деп аталатын қорық Сарысу мен Мойынқұм ауданындағы 1,4 млн гектар жерді қамтиды. Бетпақ даланы мекен еткен жануарларды қорғауға Катарлық инвесторлардың қаржысы жұмсалады. Қазір онда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Табиғатты қорғаушылар қорықтың ашылғанын қолдап отыр. Себебі өңірде соңғы жылдары браконьерлік дерегі 2 есе артқан.
Әліби Сағындықов, облыстық "Сапсан" жедел қызметінің басшысы:
- Былтыр 2022 жылы 160 хаттама толтырылды 2,5 млн таяу айыппұлдар салынды. 2022 жылы 32-34 заңсыз қару жарақ тәркіленді олардан. Енді бізде ерекше қорғалатын Бетпақдала болсын, басқа да ерекше қорғалатын аймақтар құрылатын болса енді тиімділігі жоғары болады ғой.
