loader


Қызылордада азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Қызылордада азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Соңғы уақытта әсіресе көкөністің бағасы ырық бермей кеткені белгілі.

Тұрақтандыру қорынан алынған тауарды жұртқа нарық бағасынан біршама арзан ұсынудың мақсаты осы бағаны шама келгенше арзандату. Жәрмеңкені әр апта сайын қаланың әр аумағында өткізу жоспарланған. Бұл жолғысы Мерей ықшам ауданында ұйымдастырылды. Мұнда, картоп 125, сәбіз 130, пияз 90 теңге, ұн180 теңге ал қант 425 теңгеден. Күнбағыс майы 665 , қарақұмық жармасы 514 теңгеден. Ел де арзан өнімді алып қалуға асығады. Сондықтан адам қарасы көп. Жәрмеңкеде бүгіндікке 14 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылды.

Талғат Бекішов, «Байқоңыр» ӘКК басқарма басшысы:

- Тұрақтандыру қорында бүгінде 1,5 мың тонна көлемінде өнімдеріміз бар. Әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру аясында бүгінгі күні 36 әлеуметтік дүкендерімізге күнделікті жеткізілуде. Нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда. 19 әлеуметтік тауарларымызды күнделікті маниторинг жүргізіп, тауарларымыз күнделікті жеткізілуде.

Сондай-ақ...