Наурыздан бастап ҮЕҰ АҚШ елшілігінің грантын ала алады

Наурыздан бастап үкіметтік емес ұйымдар АҚШ елшілігінің грантын ала алады.

Қаржылай олдау көлемі 10 мың доллардан 50 мың долларға дейін жетеді. Жалпы мұндай гранттар жыл сайын беріледі. Республикалық деңгейдегі іс шараға Қазақстандағы өзге мемлекеттердің елшіліктері де атсалысады. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Олар 17 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде қоғамдық бақылау, экология, әлеуметтік демография бағыттары бар. Елорданың өзінде 4 мыңнан астам осындай ұйым тіркелген. 

Айта кетейік, 27 ақпан дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай Астанада үздік ұйымдар марапатталды. Гранттық қаржыландыру арқылы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.

Темірлан Мұратұлы, қоғамдық қордың жоба менеджері:

- Елшілік немесе грант беруші дейміз. Грант беруші өзі талап қояды қай регионда қандай жоба іске асу керек. Бірақ бұл ақпаратты олар, мысалы биылға алдыңғы жылы жинайды, сосын биыл оларды жүзеге асырады.  Бүкіл гранттық қаржыландыру конкурс арқылы беріледі.