loader


Маңғыстауда Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті

Маңғыстау облысында азаматтық қоғамды дамытуға күш салынып жатыр.

Өңірде соңғы бес жылда әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды қаржыландыру 43,6 пайызға артты. Биыл аймақта алғаш рет Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті. Салтанатты шара барысында азаматтық қоғамның дамуына атсалысып жүрген сала ардагерлері мерекелік медальмен марапатталды.

Маңғыстау облысында 781 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның басым көпшілігі жастар саясаты, әлеуметтік аз қамтылғандарды  қолдау, білім беру, азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметтерді белсенді үйлестіріп отыр. Мерекелік шара кезінде осы салада ұзақ жылдан бері еңбек етіп, дамуына үлес қосып жүрген ардагерлерді облыс басшысы арнайы марапаттады.

Жақсыгүл Маханбетова,  «Маңғыстау» жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының директоры:

- Кез келген ел даму үшін бірінші азаматтық қоғам даму керек. Азаматтық қоғамның жауапкершілігі жоғары болу керек. Міне сол кезде ғана қоғамда жемқорлыққа да жол берілмейді. Әділетсіздікке де жол берілмейді. Облыс әкімі марапаттап жатыр. Үлкен марапатқа ие болып жатырмыз. 90 жылдардың аяғы, 2000 жылдардың басында үкіметтік емес ұйымдарға дәл қазіргідей мемлекет тарапынан үкімет тарапынан бұндай қолдаулау болған жоқ. Ол кездегі азаматтар шын көңілімен қоғамның мәселесін шешуге құлшынып тұрды.

Жаһандық мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдар ерекше рөлге ие. Оны уақыт көрсетіп отыр. Қазір Маңғыстауда бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтырдан бастап өңірде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін арттыру мақсатында гранттық қаржыландыру тетігі енгізілген. Бүгінде ол өз нәтижесін беріп отыр.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Мемлекеттің қабылдайтын шешімдерінің уақытылы, сапалы, тиімділігін қамтамасыз ету үшін, азаматтың қоғамның да араласуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар Президент тарапынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен азаматтық қоғамды одан әрі дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Соған сәйкес мемлекеттің қабылдайтын шешімдерінің уақытылы, сапалы, тиімділігін қамтамасыз ету үшін, сіздердің тікелей араласуларыңызбен мемлекеттік істерде азаматтық қоғамның өкілдерінің араласуымен тұрғындардың арасындағы алтын көпір ретінде қабылданған шешімдердің сапасы артып келе жатыр.

Өткен жылы 47 әлеуметтік жобаға 406 миллион теңге бөлінген. Ал биыл қаржыландыру 602 миллион теңгеге артып жобалардың қамту көрсеткіші өсіп отыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Сондай-ақ...