«Дәрмен» мобильді қосымшасы қазақстандықтарды төтенше жағдайлар туралы ескертіп отырады

Қазақстандықтар үшін қауіпті әрі тыйым салынған орындар жайлы ақпарат «Дәрмен» мобильді қосымшасына енгізілді. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.

Оның айтуынша бұл қызмет баршаға тегін. Сондай-ақ қосымша арқылы қандай да бір төтенше жағдайлар жайлы мәліметтер таратылады.

Айта кетерлігі, 1 наурыз күні бүкіл әлем елдері Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап отыр. Осыған орай Қазақстанда да бірқатар маңызды шара өткізілмек. Бүкіл республика бойынша дабылдар қағылады. Баруыжан Сыздықов халықты дүрбелеңге салынбай, ғимараттардан кептеліссіз шығып кету қажеттілігін атап өтті.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы:

- Төтенше жағдайлар министрлігі өз жұмысында мобильді қосымшаларды қолданып жатыр. Солардың бірі – «Дәрмен» қосымшасы. Ол жолдардың жабылуы немесе ашылуы, сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер, және т.б. хабарламаларды 3-5 секундта алуға мүмкіндік беретін халықты ақпараттандыруға тегін сервис ретінде қолданылады. Сонымен бірге оған Азаматтық қорғаныс қосымшасы біріктірілген. Қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін жадынамалар нұссқаулар түрінде танысуға мүмкіндік береді.