Сенатта су тасқыны қаупі бар аймақтар талқыланды

Сенатта су тасқыны қаупі бар аймақтар талқыланды

Қарғын судан қауіп бар.

Синоптиктердің болжамы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Абай және Жетісу облыстарында қатер жоғары. Бұл мәселе бүгін Сенатта талқыланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері жауын-шашын мен температураның күрт көтерілуінен ел бойынша 46 ауыл мен 24 жол учаскесін су басты. Алда-жалда қызыл судан, тағы қауіп төнсе, азаматтарды қабылдайтын 2355 орын мен ірілі-ұсақты малды орналастыратын учаскелер дайын. Сенатор, су тасқынының алдын алу үшін не істеу қажет екенін атап өтті.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қосымша бөгет пен контрреттегіштерді барлық жерде тұрғызу керек. Бұл көп уақытты талап етеді. Біріншіден, жоба дайындап, сараптама жасау керек. Оған мамандар қажет. Бұл бағытта жұмыс істеліп жатыр. Біз оны бақылауға аламыз.