Елде азық-түлік бағалары арзандауы мүмкін

Елде азық-түлік бағалары арзандауы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Себебі, соңғы кезде доллар бағамының төмендеуі байқалады. Былтыр тауар құны өскенде Үкімет оны шетелдік валюта курсының шарықтауымен байланыстырған болатын. «Қазір доллардың теңгеге шаққандағы құны 442 төңірегінде. Сондықтан 2-3 айдың ішінде тауар бағаларының арзандауы күтіледі», – дейді Ерұлан Жамаубаев.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі:

- Доллар бағамы өскен сайын, импорттық тауарлардың құны да шарықтай түседі. Енді бұл өнімдердің бағасы біртіндеп арзандауы тиіс. Жалпы экономикадағы инфляцияда төмендейтін болады. Бюджетті нақтылау кезінде 7,5-9,5 пайыз дәлізінде көрсеттік. Енді осы аралықта шектеуді сақтаймыз.