loader


Астана қаласы бойынша 21 учаскені су басуы мүмкін

Астана қаласы бойынша су басу қаупі бар 21 учаске қатаң бақылауға алынған. Бірақ қауіп тұтқиылдан келсе, бәрі ойдағыдай бола бермейді, - дейді құтқарушылар.

Сондықтан оның алдын алған жөн. Осы мақсатта қазір 170 адам мен 60-қа жуық техника тас-түйін дайындықта тұр. «Көктем-2023» республикалық оқу-жаттығуында кенеттен топан су басқан жағдайда тұрғындарды құтқару жұмыстары қалай жүргізілетіні іс жүзінде көрсетілді. Мысалы, қазір күн райы жылы тұр. Алайда көпірмен өтуді алыс көріп, мына Сарыбұлақ өзенінің үстімен өте салатындар аз емес. Алдын ала сценарий бойынша осында суға батып бара жатқан 2 адамды құтқарушылар дер кезінде аман алып қалу тиіс болған. Оларға не бары 5 минут уақыт берілді. Құтқарушылар жұмысты орындап шықты.

Эльдор Райымбеков, Астана қаласы ТЖД басқарма басшысы:

- Ең қауіпті деп отырған жер бізде – мына Ильинка тұрғын алабы. Онда 4 орын бар. Онда таңғы сағат 9-дан біздің инженерлік техника, құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Онда қауіптенетін себеп су жинайтын дамбасы бар, сол дамба күшейту және ұлттық ұлан сарбаздарымен әскери техника кіре алмайтын жерге қаптармен ұлғайту, тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ...