Енді тұрғындар алыстағы емханаға бармай үйдің іргесіндегі орталықта қажетті ем-дом алады.
Мұнда әзірге 7 мың адам тіркелген. Бұл осымен қаладағы үшінші мекеме. Өкінішке қарай, қазір Қарағанды емханаларында кезек көп, дәрігерлер науқастарды түгел қабылдап үлгермей жатады. Сол жүктемені азайту үшін осы жоба қолға алынған. Мұнда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін қызмет көрсетіледі.
Гүлдана Жеңісова, орталық дәрігері:
- Бізде бірінші қарау кабинеті бар, алғашқы дәрігерге дейін қабылдайтын кабинет бар. Ем-шара кабинеті бар. Ол жерде анализ тапсыруға болады 11-ге дейін. 11-ден кейін укол алуға болады.
