Астаналықтар үшін құжат алу мен ауыстыру жеңілдейді

Астаналықтар үшін енді жеке куәлікпен шетелге баратын төлқұжат алу рәсімі жеңілдейді.

Бұдан былай автоматтандырылған терминал арқылы қызмет көрсетіледі. Ол үшін қаладағы ХҚКО-ның біріне арнайы 4 бірдей терминал қойылды. Құжат ауыстырғысы келген тұрғын енді өз бетінше өтініш бере алады. Содан кейін фотосуретке түсіп, биометриялық сәйкестіндіруден өтуі тиіс. Соңында мемлекеттік БАЖ салығын QR-код арқылы төлейді. Бұрын осы қызметті атқару үшін бас-аяғы - 3 маман қызмет көрсететін. Ол ең кемі жарты сағатқа созылатын. Енді бар-жоғы 10 минут уақыт кетеді. Жалпы  жеке куәлік пен төлқұжатты ауыстыру қызметіне жүгінетіндер көп. Былтыр 2 миллион 300 мың адам құжатын ауыстырған не жаңадан алған. 

Қуандық Жайлашев, жоба жетекшісі:

- Жіберген соң, қызмет алушыға СМС код келеді. Сол арқылы ол 15 күннен кейін өз құжатын немесе паспортын алып кете алады. Жылдың аяғына дейін Астана қаласы ХҚКО-да 15 терминал болады. Және жыл аяғына дейін министрлер айтқандай Қазақстанның барлық түкпіріне терминалдар орнатылатын болады.

Сондай-ақ...